Павлодар облысының 20 мың оқушысы  «Қара жорға» биледі

Наурызнама онкүндігі аясында Павлодар облысында «Ынтымақ» күні  аталып өтті. Өңірде 20 мың оқушы қатысқан  ауқымды флешмоб ұйымдастырды.

 «Би - жүректің үні, ұлттың рухы» атты флешмоб аясында оқушылар «Қара жорға» биін  бір мезетте билеп, көрермендерге әсерлі көрініс сыйлады. Көктемнің шуақты күнімен астасқан бұл көрініс көрермен жүрегіне жылылық ұялатып, Наурыз мерекесінің мәнін тереңдете түсті.