Абай облысы Ертіс өзенінде мұз кептелісіне қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді

Фото: gov.kz

Бесқарағай ауданы Кривинка және Жетіжар ауылдарында Ертіс өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар 25 200 шаршы метр аумақты қамтып, мұз кептелісінің алдын алуға бағытталған.

 Іс-шаралар көктемгі су тасқыны кезінде елді мекендерді су басу қаупін төмендету үшін су тасқынына қарсы шаралар кешені шеңберінде ұйымдастырылды.

Ертіс өзеніндегі гидрологиялық жағдайға мониторинг жалғасуда.