Қазақстан көкпаршылары әлем чемпионы атанды

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы

Түркістан қаласында өткен көкпардан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 9:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

 Шешуші ойында қазақстандық көкпаршылар жоғары шеберлік пен командалық үйлесімділік танытып, тартысты өткен бәсекеде басымдыққа ие болды.

Осылайша, ұлттық құрамамыз 9 жылдық үзілістен кейін қайта ұйымдастырылған әлем чемпионатында топ жарып, алтын жүлдені еншіледі. Екінші орын Өзбекстан командасының еншісінде, ал үздік үштікті ауғанстандық көкпаршылар түйіндеді.