ТЖМ санитарлық рейсі науқастарды Жезқазғанға жеткізді.
ТЖМ санитарлық авиациясы Жезқазған – Қаражал – Жезқазған бағыты бойынша 7 жастағы бала мен 1953 жылы туған ер адамды шұғыл түрде бейінді медициналық мекемеге жеткізді.
«Қазавиақұтқару» ұшқыштары мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті, науқастар дер кезінде дәрігерлерге тапсырылды.