Көкшетауда қос рекорд орнады

Ақмола облысы әкімдігі

Биыл Көкшетау қаласы Наурыз мейрамын ерекше ауқымда атап өтіп, өңірдің мәдени орталық мәртебесін бекемдеді. Мерекелік шара барысында «Қара жорға» биін жаппай билеу және «бес асық» ойынын бір мезетте ойнау бойынша орнатылған қос жетістік ресми түрде Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Мерекенің ең әсерлі сәті – «Қара жорға» биінің жаппай орындалуы болды. Бір алаңда екі мыңнан астам ер азамат – ақсақалдардан бастап, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер мен спортшыларға дейін ұлттық шапанда белгілі бір ырғақпен биледі.

«Бүгін алты жасар баладан алпыстағы ақсақалға дейін «Қара жорғаны» билеп, халқымыздың өнерін паш етті. Бұл би – тек қозғалыс емес, бұл – дала еркіндігі мен тұлпардың жүрісін суреттейтін өнер», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар өңірде тағы бір рекорд тіркелді. 1500 оқушы бір мезетте «бес асық» ұлттық ойынын ойнады.

Мереке аясында 50 киіз үйден тұратын этно-ауыл да құрылды