Құзыреттілік орталығы ашылды

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде құзіреттілік орталықтарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Жаңа нысан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес өкілдері үшін ортақ платформаға айналады.

Екі қабатты, 1000 орынға арналған заманауи ғимарат студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда сарапшылар қауымдастығын дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың жұмысшы кәсіптеріне қызығушылығын күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Орталықта жұмысшы құзыреттіліктері бойынша жастардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілген. Педагогтер мен жас мамандар озық технологиялармен жұмыс істеп, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман ретінде қалыптасуына жағдай жасалған.

Сондай-ақ ғимарат республикалық және халықаралық деңгейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізуге бейімделген.

Айта кету керек, мұндай орталықтар өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты күшейтіп, ел экономикасына қажетті жұмысшы кадрларды даярлауға серпін береді.