Көлікте қысылып қалды

ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары көлікте қысылып қалған адамды шығарып алды.

Жетісу облысы Көксу ауданында, Алматы – Өскемен автожолының 215-шақырымында, Алғабас ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға орнында өрт шығу дерегі тіркелмей, 1 жүк көлігі мен 3 жеңіл автокөлік соқтығысқан.

ЖКО салдарынан 2 адам зардап шекті. Құтқарушылардың күшімен көлікте қысылып қалған 1 адам шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.