Қарағанды облысында балшыққа батып қалған 18 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

Ақтоғай ауданы Айыртас ауылынан 35 шақырым жерде төрт жеңіл автокөлік лайға батып, шыға алмай қалған.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары жедел әрі кәсіби әрекет етіп, автокөліктерді батпақтан сүйреп шығарды.

Көліктердің ішінде 18 адам болды. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, мүмкіндігінше жолсыз жерлермен жүруден аулақ болыңыздар.