Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға артып келеді.
— 2025 жылы Қазақстан Республикасына 15,7 млн шетелдік азамат келді, — делінген хабарламада.
Былтыр Қазақстанға келген туристер саны бойынша ТОП-10 ел:
1. Өзбекстан — 5 590 173 адам;
2. Қырғызстан — 3 545 701 адам;
3. Ресей Федерациясы — 3 502 093 адам;
4. Қытай — 968 838 адам;
5. Тәжікстан — 883 758 адам;
6. Беларусь — 167 116 адам;
7. Үндістан — 157 845 адам;
8. Түркия — 135 952 адам;
9. Әзербайжан — 96 834 адам;
10. Германия — 95 229 адам.
Елімізге келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді.
— Қазақстанға 2020 жылы — 2 млн, 2021 жылы — 1,3 млн, 2022 жылы — 4,7 млн, 2023 жылы — 9,2 млн, 2024 жылы — 15,2 млн, 2025 жылы — 15,7 млн шетелдік турист келді, — делінген ресми жауапта.