Алдағы күндері Қазақстанда ауа-райы күрт өзгереді. 24–26 наурызы аралығында ел аумағында жауын-шашын, дауыл болады.
Синоптиктердің мәліметінше, мұндай тұрақсыздық атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты.
«Жауын-шашын батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күтіледі, кейбір күндері солтүстік пен шығысқа да жетеді. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады», — делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сонымен қатар ел бойынша бірқатар ауа райы құбылыстары байқалады:
— әртүрлі өңірлерде жаңбыр мен қар;
— оңтүстік пен батыста найзағай мен шаңды дауылдар;
— желдің күшеюі;
— республика аумағында тұман;
— солтүстік, шығыс және орталықта көктайғақ.
Осы жағдайлар аясында ауа температурасы көтеріледі.
«Күндіз батыста ауа температурасы +13…+23 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +9…+14, орталықта +10…+22 градусқа дейін жылынады. Ең жылы ауа райы оңтүстікте күтіледі — +18…+28 градус, ал оңтүстік-шығыста +12…+22 градус болады», — деп хабарлайды синоптиктер.
Ел тұрғындары сапар жоспарлағанда ауа райының өзгерістерін ескеріп, жолда аса сақ болғаны жөн.