Шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты

Фото: freepik

Ақмола облысындағы Бестобе елді мекеніндегі алтын өндіретін шахтаға заңсыз кірген үш іздеуші түрлі дәрежеде жарақат алды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 наурызда Бестөбе поселкесіндегі шахтаның төменгі деңгейінде заңсыз кірген үш адам жарақат алды. Оқиға салдарынан бір ер адам қайтыс болды, екеуі медициналық мекемеге жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.