Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/8 финал кезеңінде австралиялық Талия Гибсонға қарсы ойнап, екі сетте қатарынан 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ол бұған дейінгі кезеңдерде қазақстандық Юлия Путинцева мен украиналық Марта Костюкті басып озды.
25 наурыз күні өтетін финалдық кездесуде Елена Рыбакинаның қарсыласы - америкалық Джессика Пегула. Екі теннисші бұған дейін де кездескен және соңғы ойында Рыбакина жеңіске жеткен еді.