Блогерге іздеу жарияланды

Фото: pnp.ru

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеуге жариялады:

Ювашев Ильяр Салаватович, 23.06.1998 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер.

Ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.