Атыраудағы ерлер түрмесінде төбелес болып, сотталушы көз жұмды

Фото: gov.kz

Алдын ала мәліметке сәйкес, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан олардың бірі ауыр дене жарақатын алып, көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді,-деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.