Ақтөбе әуежайына айыппұл салынды

Фото: Әзиз Жанұзақ

Әуежай әкімшілігі бұзушылықты биыл тамыз айына дейін жоюы тиіс. Тексеруден соң 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті өңірдегі энергетика субьектілерінің жұмысын тексереді. Бұл жолы «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға» АҚ-ндағы электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын назарға алды.

- Тексеру нәтижесінде энергетикалық жабдықтарды пайдалану талаптарына қатысты бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтарды биыл тамыз айына дейін жою жөнінде нұсқама берілді. Тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 300-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,- деп хабарлады Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.