Ақмола облысында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді. Өңір билігі елді мекендерді еріген қар суынан қорғау үшін барлық ресурсты жұмылдырып жатыр.
Қазіргі уақытта облыс аумағында қар шығару және арықтарды тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Әкімдік таратқан мәліметтерге сүйенсек, атқарылған жұмыстардың ауқымы мынадай: Елді мекендерден 2,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды. 400 шақырымға жуық арық пен канал тазартылды. Жұмысқа 1,5 мың бірлік техника тартылып, олар тәулік бойы кезекшілікте тұр.