Қымыз өндірісі 11,8% өсті

ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы ұлттық сусындар өндірісі бойынша деректерді жариялады. Бюроның ақпараты бойынша, биыл алғашқы екі ай қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 11,8% өсті.

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 215 тонна қымыз өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 тоннаға артық.

Сонымен бірге шұбат өндірісі 22,2% азайды. 2026 жылдың алғашқы екі айында түйе сүтінен 206 тонна сусын өндірілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 58 тоннаға аз.

Айта кету керек, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 1126 тоннаны (жылына 4,3% аз), шұбат – 1425 тоннаны (+27,6%) құрады.