Павлодарда мұз жарылып, балықшылар көлікпен суға түсіп кетті

ТЖД

Балық аулауға шыққандар мұздың жұқаруына қарамастан, көлікпен су айдынына шыққан.

Мұз көлік салмағын көтере алмай, темір тұлпар бірден су астына кетті. Көлік ішіндегі үш адам дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен ТЖД мамандары балықшыларды эвакуациялап, Шідерті кентіне жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.