Өскеменде патрульдік полиция қызметкеріне қарулы шабуыл жасаған екі ер адам ұсталды.
Оқиға қаладағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім полицияға аулада мас күйде жүрген екі адам туралы хабар берген.
Шақыртуға барған патрульдік полиция қызметкері құқық бұзушылармен бетпе-бет кездескен. Алайда олар заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшысына шабуыл жасаған. Оқиға барысында полицей оқ жарақатын алған. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Күдіктілер оқиға орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай олардың жеке басы анықталып, ұсталған.
– Бүгінде екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, атыс қаруы тәркіленді. Өскемен қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз