Атырауда ерлер түрмесінде сотталушы қаза тапты. Түзету мекемесіндегі жанжал сотталғандар арасындағы өзара келіспеушіліктен басталған. Кейін төбелеспен жалғасып, сотталушылардың бірі 50 жастағы азамат ауыр дене жарақатынан қайтыс болды. Оның қандай қылмыс бойынша жаза өтеп жатқаны белгісіз. Тергеуді бастаған полиция департаменті мамандары төбелеске қанша адам қатысқанын, күдіктінің де қанша адам екенін айтпай отыр.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Атырауда түзету мекемесінде сотталғандар арасында жанжал орын алып, оқиға салдарынан бір сотталушы қаза тапқан. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.