Алматыда жолды кесіп өтпек болған әйел көлік астына түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған. Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші дәрігерлер жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.