Ал Ақтөбеде жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Оған Toyota автокөлігі соққан. Ақ халаттылар алған жарақаттарына қарамастан жүкті әйелге жедел көмек көрсетіп, басқа көлікпен перзентханаға жеткізген. Аман-есен босанған. Нәресте сау. Алайда жас анаға бас миының шайқалуы диагнозы қойылған. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал жедел жәрдем қызметкерлері медициналық тексерістен өтті.