Оралда базарға балтамен басып кірген күдікті ұсталды

Оралда екі адам базарға балтамен келіп, жұртты қорқытты. Куәгерлердің айтуынша, олар сауда орнында ұрлық жасамақ болған. Бірақ әрекеті әшкере болғасын, қойнынан балтасын шығарып, айналасындағыларға сермепті. Сол кезде базардағылар екеуін ұстап, байлап тастапты. Бірақ олар қарсылық көрсетіп, бір әйел мен ер адамды жарақаттап үлгірген. Күдіктілер ұсталды.