Ақтөбеде былтыр 99 жасөспірім жүкті болып қалған

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2026

Ақтөбеде  былтыр 99 жасөспірім жүкті болып қалған. Дәрігерлер дабыл қағуда. Оның 98 пайызы  жүктілікті соңына дейін жеткізіп, босанған. Және сәбиін тастап кеткен. Кей жағдайда ғана медициналық немесе әлеуметтік себептермен   үзіледі, дейді маман. Ал 21 аптадан асқан соң жүктілікті тоқтатуға заң бойынша рұқсат жоқ.Мамандардың айтуынша, басты себеп-ақпараттың жетіспеуі мен ата-ана мен бала арасында ашық әңгіменің болмауы.

САЛТАНАТ ТОБЫЛБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАЛАЛАР ГИНЕКОЛОГЫ:

Тәрбиенің негізі ең алдымен отбасында, ата-ана тарапынан беріледі. Бұл-бірінші кезектегі мәселе. Анықталған жүкті қыздардың басым бөлігі-орта оқу орындары мен колледждерде білім алып жатқан жасөспірімдер. Сондықтан негізгі профилактикалық жұмысты көбіне колледждерге бағыттау қажет.