Қазақ-ресей қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Өзара сауда көлемі 30 млрд долларға жақындаған. Бұл туралы елге жұмыс сапарымен келген Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуде айтылды. Мұны Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірлескен күш-жігердің арқасында деді. Бұдан бөлек, Ресей инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында. Мәселен, өткен жылдың 9 айының өзінде 2,1 млрд доллар инвестиция тартылған. Ал, Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салған. Кездесуде Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға да назар қойылды. Жиында, сондай-ақ кеден жүйелерін цифрландыру саласындағы ынтымақтастық жайлы да сөз қозғалды.
ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Осы теміржол қатынастары арасында қағаздан арылып тек электрондық форматқа көшу. Бұл жоба қазіргі таңда іске асып жатыр. Соның арқасында рәсімдеу процестері 30 минуттан 10 минутқа дейін азайды. Еуропа бағытындағы транзит ұлғайып жатыр. Осы жақсы жаңалық операторлардың арқасында іске асты деп ойлаймыз. Арықарай да осы жұмысты жалғастырамыз.