Екі қазақстандық гимнаст Болгарияда өтетін әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

Фото: ҰОК

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыс 28-30 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Халықаралық гимнастика федерациясы халықаралық турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетеді.

Жалпы тізімге 95 спортшы тіркелген.