«AMANAT» партиясының мүшелері мен дәрігерлер “Таза бейсенбі” акциясын өткізді

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2026

Алматы қаласы Бостандық ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара аясында №7-ші қалалық аурухананың маңы тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Игі іске «AMANAT» партиясының Бостандық аудандық филиалының мүшелері мен емхана ұжымы атсалысты. Қатысушылар аурухананың айналасын қоқыстан тазалап, 20 қап жапырақ пен қалдықтарды жинады. Сонымен қатар, гүлдер отырғызылып, орындықтар жуылып, айналасына су себілді.

ДИДАР БОЛАТҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Бұл іс-шара тек тазалыққа емес, бұл экологиялық жағынан да, адамға пайдалылығы жағынан да. Және де бұл аманат партиясының өкілдері мен осы емхананың ұжымы бірлесіп осы аумақты тазартып жатырмыз. Барлық бостандық ауданындағы тұрғындарға біздің бастаманы қолдап, қаланың тазалығына үлес қосып, сондай үндеу жолдағым келеді.