Газа секторында қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты

Фото: Аnadolu

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 72 267 адамға жетті, ал жараланғандар саны 171 976-ға дейін өсті.

Палестиналық эксклавқа жасалған соққылар 2025 жылғы 10 қазанда жасалған атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан жалғасып жатыр.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде атқылау салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 17 адам жараланған.

2025 жылғы 10 қазаннан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 691 адам көз жұмып, 1 876 адам жарақат алған.

Қираған ғимараттардың үйінділері астында мыңдаған адамның денесі әлі де жатыр, олардың ішінде атысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқан 756 адам бар.