Қарағандыда 33 жастағы ер адам өзін-өзі өртемек болды

Ал қарағандылық 33 жастағы тұрғын базарда өзін-өзі өртемек болды. Ол «Горняк» базары маңында үстіне бензин құйып жағуға әркеттенген. Куәгерлердің жедел хабарының арқасында полицейлер оны райынан қайтарды. Келіссөздер барысында оқиғаға базар әкімшілігінің құзыретін асыра сілтеуі себеп болғаны анықталды. Бизнес өкілдері жігіттің меншікті контейнерлерін қайтармай қойған. Бұған дейін наразы тұрғын полицияға, жергілікті әкімдіктерге дейін бірнеше рет шағымданғанмен шенеуніктер ешқандай шара қолданбапты. Бүгінгі жағдайдан кейін ғана оның мәселесі әкімдікте қаралып жатыр.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиға орнында 33 жастағы азамат анықталды. Белгілі болғандай базар әкімшілігімен келіспеушілік болған. Өйткені өзіне тиесілі контейнерді алып кетем деген кезде базар әкімшілігі ол контейнерлерді бермей қойған. Сондықтан ол осындай іске барған. Жүргізілген келіссөздер барысында азамат жасаймын деген ісінен бас тартты.