Қазақстан Иран мәселесі бойынша келіссөз алаңын ұсынуға дайын

Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сұхбат кезінде Ермек Көшербаев ирандық әріптесіне өңірдегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар ол бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген бастаманы растап, Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізу алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Тараптар сондай-ақ екіжақты қатынастар бойынша диалогты алдағы уақытта да жалғастыруға келісті.