2025 жылы жол-көлік оқиғалары салдарынан 51 мыңнан астам қазақстандық зардап шекті. Соған қарамастан, дер кезінде көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында өлім көрсеткішін 9,7%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматологы, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарисов мәлімдеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға көп. Жол апаттарының салдарынан 51 мыңнан астам адам жарақат алып, 2 330 адам қаза тапты. ️
Мамандардың айтуынша, өлім көрсеткіштерінің белгілі бір жақсаруы байқалғанымен, жол-көлік жарақаттанушылығын азайту үшін кешенді ведомствоаралық тәсілдің қажеттілігі сақталады. Бұл алдын алу шараларын күшейтуді, жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыруды және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруді қамтиды.
Осы бағытта Денсаулық сақтау министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған жолдардағы өлім мен жарақаттанушылықты төмендетуге бағытталған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын әзірледі. Құжат денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен кадр даярлаудан бастап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және жол-көлік оқиғаларына ден қою тиімділігін арттыруға дейінгі жүйелі шараларды қамтиды.