Атырау облысында ірі қара батпаққа батып өліп жатыр. Қызылқоға ауданына қарасты Қаракөл аулының сиырлары батпақтан шыға алмай, арам қатқан. Ауыл әкімінің айтуынша, әзірге 5 малдың өлгені белгі. Барлығы - жеке тұрғындардың түлігі.
Тұрғындар қыста аурудан әрең бас көтерген ақ адал малынан осылайша айырылып қалып жатқанына ашулы. Бұл Ойыл өзенін түп тереңдету жұмыстарының шала жасалғанының салдары,- дейді ауылдықтар. Ойыл өзенінің арнасын тазалап, жағалауын нығайту бойынша мердігер астаналық компания малдың шығынын өтейміз,- деп отыр. Жалпы Ойыл өзенінің 69 шақырым түптереңдету жұмысы 12 учаскеге бөлінген. Жоба құны - 6 млрд теңге. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін жоба мемелекеттік сараптамадан өтпестен, мердігер жұмысты бастап кеткен. Биыл толықтай аяқтап табыстайды,- дейді әкімдіктегілер. Қазір ауыл тұрғындарына малды қараусыз жібермей, кезекпен бағуға ұсыныс айтылып жатыр.
НҰРБЕК ҚИЯҚБАЕВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Малдың шығынын мекеме өтейді ғой. Соған жолдаймыз ғой. Расында да сол тазалап жатқан жерге түсіп кеткен болса егер. Ауылдың тұстарын жоба бойынша откос дейді ғой жағасын тік қылмай, қиғаш жасайтын откос шығарып, трамбовать еті жасалу керек. Жоба толық шықпай құрылысты бастап кетті. Ауыл әкімінің, халықтың өтініші негізінде. Келісім шартқа отырды да. Өздерінің ақшасына бастап кетті.