Оралда БАҚ қызметкерлері арнайы бағдарлама арқылы баспаналы болды

Оралда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арнайы бағдарлама арқылы баспаналы болды. Бұған дейін тілшілер қауымы санда бар, санатта жоқ еді. "AMANAT" партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша облыстық кеңес осыны ескеріп, журналистердің тұрғын үй бағдарламасына қосылуына күш салды. Осылайша бір жылда сегіз отбасы баспаналы болды. Кеңес мүшелері олардың қатары алдағы уақытта толыға түседі деген сенімде. Сонымен қатар көңіл көтеру орындарында кеңінен таралған "көңілді газ түйіршіктерінің" сатылуы да түбегейлі тоқтатылыпты. Жастарды қолдау бойынша облыстық кеңестің бүгінгі отырысында мемлекеттік мекемелер мен құқыққорғау органдары, білім беру және өзге де сала өкілдері бас қосты.

АРХАТ ИСЛАМҒАЛИ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША БҚО КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кеңес аясында түрлі өңіріміздегі, еліміздегі жастарға қатысты мәселелер кеңінен талқыланып, осы жерде түрлі қоғамымыздағы белсенді жастардың қатысуымен ұсыныстар және атқарған жұмыстары есеп беру түрінде жүргізіліп отырады. Жастарды толғандырған мәселелер әрдайым назардан тыс қалдырмайды. Өңір жастары болсын, ел жастары болсын, осы кеңес аясында ортаға салынып, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыратын боламыз.