Алматы облысында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен қазақ күресінен турнир өтті

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2026

Алматы облысында қазақша күрестен жасөспірімдер арасында турнир өтті. Бозкілем бәсекесінде

100-ден астам жас балуан бағын сынады. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағыттталған жарыс «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир ұлттық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеп, жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттыруға көмектеспек.

СӘКЕН ЖАНСАРОВ. «БАЙКЕНТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Іс-шараның мақсаты бүгінгі біздің жастарымыздың осынау ұлттық біздің спортымызға тарту және оларды салауатты өмір салтына баулу. Себебі өздеріңіз білесіздер қазіргі жастарда әлеуметтік желіде энергиясын дұрыс бағытқа бағыттау, жұмсау, тәрбиелеу. Жалпы біздің бүгінгі іс-шараға 7 команда қатысып отыр. Ол 7 команда біздің ауданымыздағы 7 округ.

Әр салмақ бойынша мықтылар анықталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Жарысқа жоғары дайындықпен келген балуандар шеберліктерін шыңдай түскендерін айтады.

ДУЛАТ ДӘУЛЕТҰЛЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Жарыс қиын болды. Жеңімпаз болу өте қиын. Жарысты жасаған адамдарға көп рахметімді айтамын. Осындай жарыстар өте көп болғаны дұрыс. Бізге де пайдалы. Ата-анама айтам рахметімді, ағайыма айтам Әліби ағай, Алмат ағай. Осы жеңісімді ағайларыма арнаймын.