Еліміздің барлық аймағында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүргізілуде. Мәселен Қызылорда облысында былтыр 21 мың тоннадан аса қоқыс қалдықтары шығарылған. Оған 540 мыңнан аса ерікті атсалысқан. Биыл да жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Одан өзге тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында түрлі кездесулер, семинарлар өткізілуде. Мәселен, Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан – Таза болашақ кепілі» тақырыбында жалғасын тапты. Шара барысында қатысушыларға арнайы интерактивті тренингтер өткізіліп, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың заманауи әдістері таныстырылды. Сонымен қатар, ерікті жастар қаламызды көгалдандыру мен таза ұстау бойынша тың жобаларын ұсынды.
НҰРЖҰМАН ПІРНАЗАРОВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Таза Қазақстан» бұл бір күндік жұмыс емес, экологиялық сана мен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған идеология. «Таза Қазақстан» науқаны аясында Қармақшы ауданында да бірақ шаралар атқарылуда. Атап айтатын болсақ, тал егу акциялар, сенбіліктер және түрлі бағыттағы семинар-тренингтер.