Қазақстанда онкология бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді.

Бұл күні азаматтарды онколог дәрігерлер жолдамасыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды. Негізгі назар қатерлі ісікті ерте анықтауға аударылады.

Дәрігерге қаралу үшін жеке куәлік және бар болған жағдайда медициналық тексеру нәтижелерін алып келу қажет.