ШҚО-да полицейлер шетелдік велосаяхатшыға көмектесті

Фото: polisia.kz

Марокко азаматы Адиль Бумлик аймақ арқылы велосипедпен сапар шегіп, Өскеменнен Самар ауданына жеткен. Алайда Үміш асуында велосипеді бұзылып қалған.

Саяхатшыға полиция қызметкерлері шұғыл жәрдем берді. Олар жағдайды бағамдап, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, велосипедті жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында келесі күні-ақ турист сапарын жалғастыра алды.

Қазіргі уақытта Адиль Бумлик Катонқарағай және Алтай аудандарына қарай бет алды. Оның Қазақстандағы саяхаты шамамен бір айға созылады.