Су тасқыны қаупі: жол жиектеріне белгілер орнатылып жатыр

Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» мекемесі рспубликалық маңызы бар жолдарда су басу қаупі жоғары учаскелер туралы ескертетін ақпараттық паннолар орнатып жатыр.

Жолдың жүріс бөлігінде су шаю қаупінің болуына байланысты сіздерден:

- қозғалыс жылдамдығын төмендетуді;

- қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды;

- аталған учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуды сұраймыз.

- Орнатылған ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшаларға назар аударуларыңызды өтінеміз. Осы талаптарды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,-делінген ҚазАвтоЖол таратқан хабарламада.