Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
- Аталған дерек бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстық полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді,- деп хабарлады баспасөз қызметі.