Жезқазған - Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар 5 адам ұсталды

фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасын жойды. Ол елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылған.

"Жезқазған - Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер маршрутты бақылаған", - делінген хабарламада.

Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қара нарықтағы құны 3 млн АҚШ долларына жетеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.