Келес өзеніне батып кеткен 8 жастағы бала әлі табылған жоқ

Фото: видеодан алынған скрин

Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ол 23 наурыз күні Келес өзеніне құлап кеткен.

Іздеуге ТЖМ, полиция, ҰҚК, жергілікті органдар, еріктілер мен туыстары жұмылдырылған. Құтқарушылар өзеннің ондаған шақырым аумағын, су бетін және түбін тексеріп жатыр.

Оған дрондар мен арнайы техника қолданылуда. Іздестіру тиімділігін арттыру үшін шлюздер жабылып, су деңгейі төмендетілді.