Алматыда түтін басқан ғимараттан 50 адам эвакуацияланды

фото: ТЖМ

Мегаполистің өрт сөндірушілері Қарасай батыр көшесінде орналасқан жертөле бөлмесіндегі өртті сөндірді. Электр қалқанындағы жану және қою түтінге байланысты құтқарушылар 5 қабатты ғимараттан адамдарды шұғыл түрде эвакуациялады.

Екі адам көмірқышқыл газымен улану белгілерімен көмекке жүгінді. Олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Жедел шұғыл медициналық көмек ауруханасына жеткізілуде.