Тараз қаласының орталығынан кәсіпкердің мәйіті табылды. Басына оқ тиген 35 жастағы ер адамның банк бөлімшесінің алдында жатқанын тұрғындар көрген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиғаға ірі қаржылық дау себеп болуы мүмкін. Оқиға орнынан есепте жоқ травматикалық тапанша табылған. Полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта жан-жақты, толық әрі объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.