Алматыдағы жол апаты: күдіктінің туыстары марқұмның отбасымен татуласпақ болған

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2026

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 29 жастағы Еламанның артында алты жасар қызы қалған. Жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша,  мән-жайды анықтау үшін бейнежазбалар, банк құжаттары және ұялы байланыс деректері сұратылған. Сонымен қатар, жол апатының себептері, көліктердің жылдамдығы мен соқтығысу күші бойынша сараптамалар тағайындалған.  Күдікті қазір ауруханада жатыр, кейін тергеу изоляторына қамалуы тиіс.  Тараптар арасында татуласу әрекеті болғанымен, марқұмның отбасы бұл ұсыныстан бас тартты дейді адвокат.

ОЛЕГ ЧЕРНОВ, АДВОКАТ:

Қазіргі таңда ол жерде бейнежазба жұмыс істемегені немесе сақталмағаны анықталды. Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы бойында жарыс ұйымдастырылғаны тексерілуде. Қазіргі уақытта татуласу мәселесі көтерілген жоқ. Қарсы тарап келген, алайда менің сенім білдірушілерім  татуласу ұсынысын қабылдамады.