Ақтөбе облысында полиция қызметкері өз туысын атып, жаралады

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2026

Ақтөбе облысында полиция қызметкері өз туысын атып, жаралады. 36 жастағы ер адам қазір ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға Хромтау қаласындағы демалыс базасында болған. Оқ атқан тәртіп сақшысы жәбірленушінің туған балдызы болып шықты. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамдар арасында жанжал туындаған. Сол сәтте полиция қызметкері жездесіне табельдік қарумен 4 рет оқ атқан. Ер адамның кеудесі мен іш қуысына тиген.

БЕРІК ЖАРЖАНОВ, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгінгі күні жағдайы ауыр, бірқалыпты. Гемодинамикалық көрсеткіштері бірқалыпты. Науқас толық емін жалғастыруда, сонымен қатар емдеуші дәрігерлермен тума-туыстарымен кездесу жүргізіліп, науқастың, науқас туралы жағдайы туралы толық ақпарат берілуде.

Ал оқ атқан полиция қызметкері ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда. Сонымен қатар, полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.