Шымкентте екпе кабинеттерінде бір жылдың ішінде төрт адам қайтыс болған. Оларға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілмеген. Салдарынан ем іздеп келген науқастар процедура бөлмесінде жан тапсырған. 13 мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 14 әкімшілік хаттама толтырылып, 12 егу бөлмесінің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ дәріханаларда психотроптық препараттарды заңсыз сату бойынша 25 дерек анықталған. Есірткіге тәуелді болып, ем қабылдаудан жалтарған 10 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын тіс емдетуге қолдану бойынша да заңсыздықтарға жол берілген.
ПОЛАТ БЕРДАЛИЕВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Анықталған кемшіліктер бойынша 51 жағдайда хаттама толтырылып, ол жерден де әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынған стоматологиялық қызмет көрсететін клиникаларда.