Алматылық тұрғын жедел-жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Дәрігерлер шақыртуға барған кезде мас күйдегі ер адам пышақпен қарсы алып, қоқан-лоқы көрсеткен. Медицина қызметкерлері дереу көлік ішіне тығылып, полиция шақырған. Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған адам - науқастың ұлы. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдікті 85 жылғы ер азамат, Алматылық тұрғын. Оның ата-анасына медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық қызметкерлер келген болатын. Бірақ ол алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін агрессия танытып, қоқан-лоққы көрсеткен. Ұсақ бұзақылық емес. Бұл жаңа бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.