Қарағандылықтар жол сапасына наразы. Тұрғындар шұрық- тесік жолды әлеуметтік желіге жарыса салып жатыр. Аудандарды былай қойғанда, қаланың өзінде көшелер кедір-бұдыр.
Коммуналдық сала жұмысшылары су құбырын жүргізерде көшені қазып, сол қалпы қалдырып кеткен. Енді көлік түгілі адам аяқ алып жүре алмайды. Тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалған.
НАДЕЖДА РЫБАЛКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Көлікпен де, жаяу да жүре алмаймыз. Дүкенге бара алмай қалдық. Жедел жәрдем де келе алмайды. Ал бұл маңайда қариялар көп тұрады. Өткенде кәріз бітеліп қалып оны ашуға келген коммуналдық машина батпаққа тұрып қалып әрең шықты.
Соңғы бір аптада қалада осындай жол учаскесі көбейген. Оны тұрғындар әлеуметтік желіге жарыса жариялап жатыр. Батпақ пен шұрық- тесік аумақтар орталықта да көп.
БЕРІК ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жол жоқ. Құбырларды айырбастап орнын тастап кетті. Е Өтінішке де арыздандық. Биыл бюджеттен ақша бөлінсе жөнделеді,- деген. Ал ол ақша әлі бөлінбеген.
Шенеуніктердің айтуынша барлығы қаржыға байланысты. Аталған көшелерді жөндеу жоспары бар, бірақ бюджеттен ақша бөлінбеген.
МӘДИ ҚОЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бізде мысалы 137 шақырым жолды орташа жөндеу қажет. Біз оларға ведомствалық сараптама жасатып, мекемелермен келісімшарт жасастық. Өкінішке қарай қаржы бөлінбеді. Егер ақша берілсе жеке секторды да орталық көшелерді де жөндеп тастар едік.
Биыл қаржы шамамен 15 шақырым жолды жөндеуге бөлінген. Ол тізімге оңтүстік шығыс және Тихоновка аудандарындағы жұрт жылдар бойы шағымданып келген бірнеше аумақ қана еніп отыр. Қалғаны белгісіз.Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, «АстанаТаймс Қарағандыдан».