Атырауда облыстық инфекциялық аурухана лаборанттары үстемақы төлеуді талап етті

Атырауда облыстық инфекциялық аурухана лаборанттары шу көтерді. Айтуларынша,олар арнайы еңбек жағдайы үшін  төленетін үстемақыны ала алмай жүр. Өзге  әріптестеріміз сияқты қауіпті инфекциямен  күн сайын бетпе-бет келеміз,- дейді. Бірақ неге екені белгісіз, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына зертхана қызметкерлері енгізілмепті.

Инфекциялық аурухана лаборанттары мен рентген қызметкерлері қаңтар айынан бері үстемақыны талап етіп, біраз басшылықтың есігін тоздырған. Олардың пікірінше, бұл – ақ халаттыларды алалау. Өйткені қаңтардан бастап әріптестерінің жалақсына арнайы еңбек жағдайы үшін төленетін  үстемақы қосылған. Науқастың биологиялық материалдары біздің қолымыздан да өтеді,- деген  ақ халаттылар бұйрыққа өзгеріс енгізілуін талап етті.

РАЙГҮЛ ҮРГЕШОВА, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ:

Қабылдау бөліміне түскен жедел ішек инфекциясмен түстетін  болса, бірінші кезек подозрение  аппенидицитке ме не жедел ішек инфеуциясы ма соны білмейді, соған саусақтан қан алуға барамыз. Әр бөлімшеге палатаға кіріп, Кор науқас болсын, ОРВИ науқас болсын, ОКИ науқас болсын,  әр палатада сауасақтан қан алып,  былай айтқанда контактный тәуекелге барып отырмыз. Бірақ  не үшін ол контакт рискке жатпайтынымызды түсінбейміз. 

НҰРИЯ ДОСҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ:

Бір анализ келсе біз оны 3 күн қараймыз, төртінші күні шығарамыз. Біз де инфекциямен тығыз байланыстамыыз деп сол базалық 1193те лаборатория деп бөліп бізді  енгізуді талап етемііз. 

Денсаулық сақтау министрлігінің 1193 бұйрығы бойынша үстемақы алуға, облыстық инфекциялық ауруханада қызмет ететін 290  маманның  115-і іліккен. Жағдайды түсінгенімізбен, қолымыздан келер қайран жоқ, -дейді аурухана басшысы.

НҰРБЕК ҮКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ:

Ол профилге кірмей қалған қызметкерлердің мәселесі бар. Ол жаңағы клиникалық лабораторияда, БАК лаборатаорияда, консултативтік-диагностикалық бөлім қызметкерлері тарапынан туындап жатқан мәселе. Мәселе құзырлы органдарға жеткізілді. Қазір шешілу мәселісін күтіп отырмыз. 

Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар болса, министрлік инфекциялық аурухананың өзге қызметукерлеріне үстемақы беруге келісті,- деп отыр. Тек міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша медициналық қызметтің тарифын көтеру арқылы үстемақы төленетінін айтты.

МҰРАТ ҚҰРБАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Инфекциялық ауруханамыз кредиторлық бережақта, кредиторлық берешек кезінде олар өздерінің қаржыларынан қосымша  жалақыны көтеруге заңды түрде жалақыны көтере алмайды.  Сол үшін қазіргі таңда тарифтың көтерілун күтіп отырмыз. Тарифты көтеруге қазір қол қойылған.  Сол қол қойылып, бізге жеткеннен кейін  тариф көтерілгеннен кейін барлық қызметкерлер өзінің жалақысын қосымша ақысымен қаңтар айынан бастап, перерасчетпен ала алады.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің сөзіне сенсек, үстемақы  қаңтар айынан  бастап есептеледі. Алайда нақты қашан  төлетінеті белгісіз.