ШҚО-да мұз кептелістерінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді

Фото: depositphotos.com

Катонқарағай ауданы Коробиха ауылының ауданында Бұқтырма өзенінде ауданы 9000 мың шаршы метр учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

"Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген су мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов